Екібастұз “ТЭЦ”-іне бөлінген 1 млрд теңге ұрланған

Екібастұз ГРЭС-2 – ні жаңғыртуға бөлінген Т1 млрд ұрланған, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Павлодар облысының прокуратурасы “Екібастұз ГРЭС-2″ АҚ тексеру барысында үшінші энергия блогын орната отырып, жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған ақшалай қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады. Расталмаған жұмыстардың сомасы шамамен Т1 млрд құрады”, – делінген хабарламада.
ҚР ҚК 189-бабы (Аса ірі мөлшерде мүлікті ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.”Қылмыстың барлық мән – жайларын, түпкілікті залал сомасын және ұрлыққа қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде”, – делінген хабарламада.
Фото ашық дереккөзден алынды.