Балаңыз үшін сіз кімсіз? Психологиялық тест

0
376

Суреттегі фигуралардың бірін таңдаңыз. Таңдаған кескін балаңыз үшін сіздің кім екеніңізді, балаңыз сізді кім деп көретінін білдіреді. Бәлкім, балаңыз үшін сіз кәдімгі батыр, қахармансыз. Ал бәлкім, жай ғана асүйдегі анасысыз. Қане, анықтап көрейік!

1.Егер бірінші шеңбер кескінін таңдасаңыз, балаңыз үшін сіз алып күштің иесісіз. Сізге қарап ұл-қызыңыз толассыз күш алады. Сіз сияқты үлкен күштің иесі болғысы келеді. Ұл-қызыңыз “өскенде мен де осындай толағай күштің иесі болып, тау қопарып, тас жарсам екен” деп тілейді. Олай болса, осы бағытыңыздан таймаңыз!

2.Егер екінші кескінді таңдасаңыз, бала-шағаңыз үшін сіз құпия-сырын ішіне бүккен сиқырлы кітап секілді көрінесіз. Сіздің ұл-қызыңыз әр күні сізді жаңа қырыңыздан таниды. Сізбен әңгіме-дүкен құрып, көп дүниелер туралы сөйлескісі келеді. Сондықтан да ұл-қызыңызбен жиі сырласып тұруды ұмытпаңыз!

3.Үшінші кескінді таңдаған болсаңыз, балаларыңыз үшін сіз өте қатал жансыз. Сізден ұл-қызыңыз қатты қорқады. Сізбен ашық сөйлесуден балаларыңыз именеді. Мүмкін болса, ұл-қызыңызға ішкі жылулығыңызды, мейіріміңізді барынша көрсетуге тырысыңыз!

4.Бұл кескінді таңдаған адам ең көңілді, алаңсыз адам болуы әбден мүмкін. Өйткені 4-ші кескінді таңдаған кісінің балалары ата-анасын көңілді, тіпті комик деп санайды. Ұл-қызыңыз сіздің әр сөзіңізді қалжың деп қабылдайтын сәттер көп екен. Бәлкім, арасында өзіңіздің шынайы мінезіңізді де көрсетіп қоярсыз, қалай ойлайсыз?

5.Ұл-қызыңыз сізді уайымшыл, депрессияға берілгіш, пессимист ретінде көреді. Кез келген проблеманы уайымдап, қобалжып, аһылап-уһілеп, қиналып шешеді деп қарайды. Бала-шағаңызға басыңыздағы проблеманы оңай, әрі тез шешетін епті ретінде көрінуге тырысыңыз. Өйткені сіздің уайымыңыз ұл-қызыңызға да әсер ететінін ұмытпаңыз.

6.Құттықтаймыз! Сіз өз ұл-қызы үшін теңдессіз ғажап адамсыз! Балаларыңыз басына іс түссе, ең бірінші сізден көмек сұрауға дайын. Өйткені сіз олар үшін ақылды, тапқыр, оптимист адамсыз. Содан болса керек, сіздің ұл-қызыңыздың ешқандай уайымы жоқ. Сізге сенеді. Сізге ғана арқа сүйейді.