Оппозиция шеруге шығып, жолдарды жауып тастады
Армения астанасында оппозицияның ауқымды шеруі өтіп жатыр. Қатысушылар қаланың негізгі магистральдарын жауып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ереванда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8-ден бастап қаланың негізгі магистральдары жабылып, ауқымды ереуіл өтіп жатыр. Оппозиция жақтастары қолға түскен құралдарды, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін пайдалана отырып, көшелерді жауып тастады.
Акцияға қатысушылар Вардананц, Ханджян, Терян, Тигран Мец және басқа да көшелерді жауып тастады. Ереван тұрғындарын көшелерді жабуға «Отан үшін Тавуш» қозғалысының жетекшілерінің бірі Армян апостолдық шіркеуінің Тавуш епархиясының архиепископы Баграт Србазан шақырды. Ол елдің премьер-министрі Никола Пашинянның отставкаға кетуін талап етеді.
Фото ашық дереккөзден алынды.