Тағы бір вирус Алматыны кезіп жүр
Эпидемиологтардың айтуынша, А вирустық гепатитін жұқтырғандардың көпшілігі вакцина алмағандар, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы Алматыдағы BAQ.KZ тілшісіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.
Алматыда 2024 жылдың 2 айында А вирустық гепатитінің 196 жағдайы тіркелді. Ересек тұрғындар арасында аурушаңдық басым, олардың үлес салмағы – 67,3% (132 жағдай), 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 37 жағдай (18,8%), жасөспірімдер арасында – 27 жағдай (13,7%) тіркелді.
Ауру жұқтырғандар — А вирустық гепатитіне қарсы вакцина алмағандар. Мегаполистің эпидемиологтары А вирустық гепатитінің белгілері пайда болған жағдайда өзін-өзі емдеуге болмайтынын, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну керектігін еске салады, — дейді Әсел Қалықова.
Фото ашық дереккөзден алынды.