"Зәкеңнің екі баласы да баспанасыз": Құралай Нұрқаділова еш жерде айтпаған құпияларын ашты

"Зәкеңнің екі баласы да баспанасыз": Құралай Нұрқаділова еш жерде айтпаған құпияларын ашты

Журналист Мұхит Сапарбаевқа берген сұхбатында марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің қызы Құралай Нұрқаділова бұған дейін еш жерде айтпаған құпияларымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

Дизайнер Құралай Нұрқаділова өзінің "Құралай" деген атын қалыптастыруы оңайға тимегенін айтады. 

"Біздің де бақытты балалық шағымыз болды. Балалық шағымды еске алуды жақсы көремін. Өйткені ол кезде біз өте бақытты едік. 

Алайда бәріне белгілі, әкемнің басқа отбасыға кетуінен кейін өмірімде үлкен өзгеріс болды. Өзімді мойындату сияқты ма, әлде күйзеліске түскен анама қолдау көрсету үшін бе, әйтеуір тынбай еңбек етуіме тура келді.

Сырт көз ойлайтын шығар, байлықта шалқып өмір сүріп жатыр деп. Алайда мүлде олай емесін айтқым келеді. 

Әкем Заманбек Нұрқаділов те қызметін пайдаланып, байлықты жинамаған адам. Мені де, ұлы Қайратты да солай үйретіп, тәрбиеледі. 

Өз еңбегіммен бір пәтер алып, оны да банкпен соттасып жүріп, әрең қол жеткізгенімді ел біледі. 

Кейінірек ол үй де кетті. Сенесіз бе, Алматының тұрғын үй департаментінде қызметте отырып, Қайратың да өз үйі жоқ. 

Қазіргі кезде марқұм шешемнің үйінде тұрып жатырмын", деген Құралай ағынан жарылды. 

Барлық жаңалықтар