ТикТок әлеуметтік желісінде тараған, хиджабтағы қыздың өте ұят тақырыптағы уағызы діндар қауымның ашуын оятса, ал желі қолданушылардың қызу талқысына түсті деп жазады Democrat.kz.
Видеода аты жөні белгісіз, хиджабтағы қыз діндегі жыныстық қатынас туралы: "Қазір төсекте қанша поза барын айту, білу өте хит болып кетті.
Бұл жерде ең маңыздысы, Құранда айтылған ғой, "әйелдеріңе егін егетін жеріне ғана ексеңдер болды, соған ғана рұқсат беріледі" делінген.
Ол үшін мына нәрсені мысалға келтірсек болады. Кезінде Омар р.а. өз әйелімен осындай қатынас жасаған кезде, арт жақпен болған екен. Істеп болған соң, қатты қорқып пайғамбарымыз с.а. жүгіріп барып "мен құртып алдым" деп болған нәрсені айтады. Бұл жерде позаның маңыздылығы жоқ.Яғни "дозволенный" жермен болу.
Қай жерде, қандай позада жыныстық қатынасқа түссеңдер де ең маңыздысы, әурет жерлеріңді жабу", дейді.
Видеоға қатысты діндар қауым "өтірік, бұлай айтылмаған!", "ҚМБД қайда қарап отыр, мыналарды неге тыймайды?" Деп ашулы пікір жазса, ал былайғы жұрт "діннің үйрететіні осы ма", "медреседе бұларға тек осындайды үйрете ме", "неткен арсыздық!" Дегенге саятын пікір жазуда.