"Күйеуімнің көңілдесіне сәлем салып жүрппін" деген келіншек масқара жағдайды айтты

"Күйеуімнің көңілдесіне сәлем салып жүрппін" деген келіншек масқара жағдайды айтты

Әлеуметтік желіде Алтынай есімді жас келіншек отбасындағы ең сорақы жағдайды айтып, масқара жағдайды баяндап берді деп жазады Democrat.kz.

Алтынайдың айтуынша, күйеуімен өз қалаулары, сезімдерінің әмірімен үйленіп, бақытты болашаққа жоспар құрған. 

"Отбасын құрғанымызға аз уақыт өтер-өтпес, сұмдық жағдай болды. Күйеуімнің достары үйге келетін болып, қонақ күтіп жүргенмін. Күйеуімнің телефонынан тікелей эфирді қосып қойып, сол қуанышымызды бөліспек болдым.

Кенет күйеуімнің телефонына "маған қиын кезде сен неге қасымнан табылмайсың" деген смс келді. Әлгі хабарламаны жазған әйелді бұрыннан танимын. Үйге келіп-кетіп жүрген әйел. Отбасы бар үлкен жастағы әйел ғой. Мен оған сәлемімді салып, иіліп құрмет көрсетіп жүрдім ғой", - деген Алтынай күйеуінің көңілдесіне сәлем салып жүргеніне күйінішін жеткізді. 

Алтынайдың осы видеосына қатысты кей келіншектер осыған ұқсас жағдайлар бастарынан өткенін айтып, "еркекке сенуге болмайды" дегенге саятын пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар