Оқу ағарту министрлігі масқара күнтізбе жариялады: Ұстаздар 4 күндік жұмысқа көшіп, жұма намазға бара ма?

Оқу ағарту министрлігі масқара күнтізбе жариялады: Ұстаздар 4 күндік жұмысқа көшіп, жұма намазға бара ма?

Әлеуметтік желіде жарияланған 2026-2027 жаңа оқу жылына арналған Оқу ағарту министрлігі таратқан ақпараттың тұнған қатесі ұстаздар қауымы мен жұртшылықтың қызу талқысына түсті деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желіде арнайы таратылған Оқу ағарту министрлігінің демалыс күнтізбесі мен видеосында өрескел қателіктер жіберілген. 

ҚР Оқу ағарту министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Зейнеп Махсутова ресми хабарлама видеосында: "2026-2027 оқу жылының бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады. Одан кейін оқушыларды 7 күндік күзгі демалыс күтеді. Ол 26 қазан мен 1 қазан аралығында өтеді",- деп қазақша ай аттарын шатыстырып тұр. 

Ал ресми күнтізбеде жұма, бейсенбі күндері көрсетілмеген. 

Бұл туралы танымал ұстаз Аятжан Ахметжан желідегі парақшасында жариялап, "қателерді түзетуді" айтты. Осы күнтізбеге қатысты педагогтар "Сауатсыз адамдар билікке келді деген сөз, неге таңқаласыз", "Өміріміз күйбін тірлікпен көзді ашып жұмғанша зулап өтіп жатқанда, әр аптадан бір күнді жеп қойғаны несі", "Мынау не былық? Масқара ғой. Ертең ұялмай “жалған ақпарат” демек пе? Вице-министрдің бәрі больничныйға шығып кеткен бе? Қазан -Қараша, қаңтар, Ақпан, Сәуір, Мамырдың бейсенбісі жоқ, Қыркүйек, Желтоқсан, Наурыздың жұмасы жоқ. Мереке мен күндерді созып қойыпты, бағдарламаны орындауға күн жете ме?! Жетпейді ғой.", "Несі бар?! Әдемі сурет! Апта күндері суреттің сәнін бұзатын болса, не істейді? Тем более бейсенбі-жұма намазға жығылатын күн, сенбі-жексенбіні алып тастамағанына тәубе!" дегенге саятын пікірлер жазуда. 

Барлық жаңалықтар