"Хан" тамаданың тағы бір сұмдық видеосы тарады (ВИДЕО)

"Хан" тамаданың тағы бір сұмдық видеосы тарады (ВИДЕО)

Желіде Хан атымен танылған ақтаулық асабаның тағы бір видеосы жария болды, деп жазады Democrat.kz.

"Астарлы ақиқат" бағдарламасында қонақта болған ол мектеп оқушысын жүкті еткенін мойындаған. 

"Аяғы ауыр болып қалды. Мен оны әскерге кеткен соң білдім. 11-сынып оқушысы болу керек. 2012 жылы әскерден келген соң үйлендік. Ақыл айтатын адам болмады. Ортақ екі қызымыз бар. Одан кейін ажырасып кеттік. Екі жақтан да кінә болды. 2-3 айдан кейін ғашық болып басқа қызға үйлендім. Одан 1 ұл, 1 қызым бар. Онымен екі жыл тұрып ажырасып кеттім", - деді ол. 

Еске салып өтейік, "Хан тамада" атымен танылған асабаның өткен аптада эротикалық видеосы интернеттен тарап, қоғамда бүгінгі күнге дейін қызу талқыланып жатыр. 

Барлық жаңалықтар