"Саят Медеуовті мұсылман зиратына жерлемеу керек!"деген діндар үндеу жасады

"Саят Медеуовті мұсылман зиратына жерлемеу керек!"деген діндар үндеу жасады

Әлеуметтік желіде "Холид" атымен танылған батыс өңірінің діндарына әнші Саят Медеуовтің сұхбаты жақпай қалыпты, діндар реніш білдіріп, үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.

Еске салып өтейік, әнші Саят Медеуов QazaqAiran арнасына берген сұхбатында дін және біздегі діндарлар, уағызшылар туралы өткір пікір айтып, қоғамды адастырып жүрген кей діндарларға заңмен тыйым салып, жазалау керегін айтқан болатын. 

Әншінің осы сөздері діндар Холидқа ұнамай қалыпты. "Бұл кісі өзінің сенімін айтуда, дұрыс. Біз зайырлы қоғамда өмір сүреміз. Сенің дінің өтірік, пайғамбарың ешкім емес. Сендер мұсылмандар арабқұлсыңдар дегенді айтып жатыр. 

Енді біздің мұсылмандардың мойнындағы міндет - бұл кісіден сұрауы керек, "өлгеніңде мұсылманша жерлейік пе" деп. Бұл кісі де қазірден "мен өлгенде мұсылманша жерлемеңдер" деп айтуы керек. 

Өйткені қазір Асанәлі Әшімов, әлгі актер Марат бәрі осылай сөйлеген кезінде. Бірақ олар өлгенде мұсылманша көміп жатыр да. Ондайларды өлгеннен кейін арулап жерлеп керегі не? Ондайлар аллаға сенбейді, пайғамбардың шапағатшы болатынына сенбейді ғой. 

Сондықтан екіжүзділікті қою керек. Егер қазір мынаның орнында қарапайым біреу болса, "ой оны көмбеу керек", "ол тәңірші" деп шығатын еді. Мынау да сондай ғой. 

Әнші, актер дегендерді исламда сыйламайды. Сондықтан бұл кісілерді мұсылманның зиратына апарып, мұсылманша жерлеп керегі жоқ", дейді Холид. 

Барлық жаңалықтар