“Бишімбаев өзін-өзі көмді” дейді адвокат
Бишімбаевқа қатысты сотта адам шошырлық вмдео шыққан соң, осы мәселеге байланысты адвокат Джохар Утебеков өзінің заңдық көзқарасын білдірді деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы @kazakh_inform-ға сілтеме жасап.
“Нағыз ақиқат сол, Бишімбаев өзін өзі көмді! Сұрқиы пиар-кампания ұйымдастырды. Бүкіл процесс кезінде жанталасып бақты. Тіпті жаны шығып, ашуына ерік те берді. Алайда ол қайғылы оқиға күні өзі видео түсіргенін ұмытып, телефонының паролін беріп қойды. Міне, сол сәтте ол алғаш рет не деп түсініктеме берерін білмей аласұрды.
Мамандығыма байланысты эмпатия жасамауға әбден үйренгем. Десек те, әлгі видео жарыққа шыққанда, менің өзім Салтанатқа жасалған қастандықтан жаным ауырды”,- деген адвокат Бишімбаевқа кем дегенде 25 жыл, ал Бақытжан Байжановқа кемі 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін екенін айтты.
Фото ашық дереккөзден алынды.