Төзімді болсаңыз, бір миллион теңге аласыз

Төзімді болсаңыз, бір миллион теңге аласыз
Бір бөлмеге қамалып, бір миллион теңге аласыз. Facebook қолданушысы Дәурен Сейітжанұлы «Түркістан» телеарнасында осындай жүлде қоры бар реалити шоу пайда болғанын жазады. Жобаның аты - «Төзім TEST» екен. Жігіттерді бір бөлмеге қамап қойып, төзімін тексереді. Телефон ұстатпайды, дүниядан кеседі. Сыртта не болып жатқанынан бейхабар болады. Өзімен-өзі қалады. Тек тамақ береді, әжетханаға шығарады. Бұл оңай емес. Өзің бір күн үйде отырсаң, жынданып кете жаздайсың ғой. Ал Жанахмет Агыбаев бастаған ұжым 4 жігітті 10 күнге қамап тастаған. Солардың біреуі ғана шыдапты. Қалғаны ұтысқа тіккен 1 млн. теңгелерің өздеріңе деп, төзімі таусылып, ертерек шығып кеткен екен,-деп жазады автор. Бір миллион теңге үшін он күнге "қамалуға" қалай қарайсыз?

Фото ашық дереккөзден алынды.

Барлық жаңалықтар