"ҰБТ ыстық бәліштей сатылып жатыр ма?": Биылғы ҰБТ әділ өтіп жатыр ма?

"ҰБТ ыстық бәліштей сатылып жатыр ма?": Биылғы ҰБТ әділ өтіп жатыр ма?

Әлеуметтік желіде ҰБТ басталғалы бері көптеген кісі сынақтың өту барысындағы кей жағдайларға күдікпен қарап, "тест сатылып жатыр" деген күдіктерін айтып, Тест Орталығына сауал жолдауда деп жазады Democrat.kz.

Азаматтардың бұлай күмәндануы бекер емес сияқты. Threads әлеуметтік желісінде төмендегідей түрлі жазбалар қаптады. 

"Оқушыны ҰБТ-ға дайындау қоямыз ау. Басқа нәрсеге дайындаймыз ау шамасы. Неге свет өшеді жыл сайын. Ол жерде арнайы құрылғы (генератор) бар оны неге қолданбайды. Жыл бойы өз біліміне сеніп оқыған оқушылар қалады, ал құйтырқы әрекетке барғандар жоғары жинайды. Қазіргі оқушының деңгейі төмен максимум 120 алу мүмкін. Тест тапсырмалары оқушылардың қолдарында жүр. 140 көбейіп кеткен жоқ па. Сіздерде қандай жағдайлар болып жатыр астына жаза кетіңіз..."

"20.05 | 14:30 | ТҮРКІСТАН Оқушым ҰБТ тапсыру керек болған!

ҰБТ-да СВЕТ ӨШІП ҚАЛАДЫ)))) Олар суббота(23.05) тапсырады. Но СВЕТ ӨШТІ деген сөз уже ҰБТ сатылып жатыр дегенмен бір деп білемін)))
Ең өкініштісі, киелі мекенде болып жатырғаны"
 
Барлық жаңалықтар