"Кешью" тобының бұрынғы әншісі Балжан Бидаш бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде сөз болып жатқан мәселеге қатысты өз пікірін білдіріп, мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.
Threads парақшасында Балжан Бидаш: "Ақ-қарасын ажыратып жазып жатқан жандарға рахмет. Ешкімге ренішім жоқ! Бұл- шешім. Және бұл дүние уақытша екенін ұмытпайық. Дүние алма-кезек. Өзімізді жақсы көрейік, басқаларын сыйлайық, барды бағалайық"деп жазба жариялады.
Балжан Бидаштың бұл жазбасын қолдап, оған жылы лебіздерін білдіріп жатқандар аз емес.
