Әлеуметтік желіде Абайтанушы Омар Жәлел туралы сыни жазба жариялаған желі қолданушының айтқандары жұрттың қызу талқысына түсті деп жазады Democrat.kz.
Threads әлеуметтік желісін қолданушы: "Мына Омар Жәлел деген абайтанушы , Абай атамыз тірі болса не істеп беруге дайын екенін білмеймін тіпті. Бір адамды соншалықты пір тұтып , идеализация жасау - ақымақтық .
Абайдың қара сөзі болмаса , қазақ халқы не істерін білмей кетер еді деп бір қуды , ешкімге керегі жоқ ғылым деп тағы қуды . Комменттегілер көбісі соған риза болып , жақтап отыр . Соншалықты сорлы болуға болады ма"деген жазба жариялады.
Осы жазбаға қатысты жұрт "дұрыс, Абайды оқуымыз керек", "Абайды қазақ мақтануы керек", "бұл да дәріптеймін деп, артық кетеді", "керегі жоқ" дегенге саятын пікір жазуда.
