Адам өлтірген әйелдер түрмеде көп пе?

0
204

Қазақстанда жыл сайын бірнеше мың қылмыскер сотталады. Олардың ішінде Қазақстан Республикасының 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша қанша адам істі болған?

Темір торға тоғытылғандар арасында әйел мен ер адам үлесі қандай? 2023 және 2024 жылғы статистика қалай өзгергенін Massaget.kz тілшісі анықтап көріпті.

Құқықтық статистиканың 2024 жылғы наурыздағы мәліметі бойынша, қылмыс жасап, сотталғандардың жалпы саны — 7020 адам. Олардың ішінде әйелдер саны — 809. 99-бап бойынша айыпталған әйелдер саны — 7.

Аффект жағдайында жасалған адам өлтiру бабы бойынша 1 әйел;

Өзін қорғап жатқан кезде адам өлтіргені үшін 2 әйел;

Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтіру бабы бойынша 2 әйел;

Абайсызда қазаға ұшырату бабы бойынша 1 әйел;

Қорлау бабы бойынша 37 әйел істі болған.

99-бап бойынша айыпталған ер адамдар саны — 112. Бұл осы бап бойынша сотталған әйелдер санынан 16 есе көп.

Құқықтық статистиканың 2023 жылғы наурыздағы мәліметі бойынша, қылмыс жасап, сотталғандардың жалпы саны — 7522 адам. Олардың ішінде әйелдер саны — 843. 99-бап бойынша айыпталған әйелдер саны — 10.

Өзін қорғап жатқан кезде адам өлтіргені үшін 2 әйел;

Абайсызда қазаға ұшырату бабы бойынша 1 әйел;

Қорлау бабы бойынша 30 әйел істі болған.

99-бап бойынша айыпталған ер адамдар саны — 124. Бұл осы бап бойынша сотталған әйелдер санынан 12 есе көп.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.