Белгілі кәсіпкер әлеуметтік желідегі парақшасында әйелі Баян Мақсатқызымен Еуропада жүрген видеосын бөлісіп, жұрттан сөз естіп қалды деп жазады Democrat.kz.
Жанында хор қызындай мың бұралған Баян Мақсатқызы бар Тұрсын Алагөзов өз видеосында түсініксіз әрекет жасағаны көрінеді.
Видеода Баян Мақсатқызы оған әлденелерді айтып, көрсетіп тұрса, ал кәсіпкер басқа жаққа қарап тұр.
Сәл кейінірек Тұрсын Алагөзов көз алмай қарап тұрған жақтан сылаңдаған жас сұлу қыздың келе жатқанын көруге болады.
Жұрт кәсіпкердің бұл қылығын назардан тыс қалдырмады. "Қасында ең сұлу әйел тұр. Ал Тұрсын басқа қызға қарап тұрғаны қалай?", "бұрынғыдай емес, жан жағына қарайтын болған ба", "көзін шұқып алар едім мен", "Баян қызғанып қалды" дегенге саятын пікір жазуда жұрт.