Әлеуметтік желіде тараған видеодағы әнші Мәдина Сәдуақасованың ерсі қылығы оқырмандарының наразылығын оятты деп жазады Democrat.kz.
Сахнада ән айтып тұрған Мәдина Сәдуақасоваға жанкүйер жігіттің бірі келіп, бірге суретке түспек болады.
Суретке түскен соң, әлгі жігіт Мәдинаның бетінен сүйіп, ілтипат көрсетеді. Дәл осы сәттегі Мәдинаның аса бір жиіркенішпен тыжырынғаны және бетінің сүйілген тұсын ызалана сүрткені анық көрінеді.
"Астамшылық қой", "Мәдинаның мұнысы ұят тірлік", "өзін сонша қошеметтеген кісіден жиіркеніп...", "мені Мәдина бетімнен сүйсе, жиіркенер едім" дегенге саятын пікір жазған жұрт ашуға ерік берді.