"Баламды қазақ мектебінде оқытпағаныма өкінемін" деген әйелдің сөздері жұртқа үлкен ой салды

"Баламды қазақ мектебінде оқытпағаныма өкінемін" деген әйелдің сөздері жұртқа үлкен ой салды

Әлеуметтік желіде баласын орыс мектебіне беріп, қатты өкінген ананың жазбасы көпшілікке ой салып, талқыланып жатыр деп жазады Democrat.kz.

"Менің ұлым орыс мектебінде оқиды, сол менің ең үлкен қателігім деп білемін. Қазақ мектебіне ауыстырғымм келгенде қабылдамады, өте кеш деп. 

Үйде көбінесе қазақша сөйлесеміз, бірақ ол меңгере алмады, үйреткенім де бар. Құдайдың берген қабілеті шығар. Бірақ тақырып ол туралы емес.

Баламнан неге 16 желтоқсан тәуелсіздік күні болды десем, тәуелсіз алдық сол күні дейді, жоқ митинг болды, адамдар өлді десем, а вспомнил дейді.

Ертеңінде 16 күні оқып сол туралы, айтып бересің дедім. Тоқ етері: орыс мектеп ерінде бұл күнге қатысты ешқандай шаралар, тақырып көтеру жүрмейді. Жалпы алғанда олардың патриоттық сезімдерін оятпайды. Қазақ мектебінің мұғалімдері өз жеріне деген сүйіспеншілігін балаға сіңіреді, патриоттық сезім оларда жоғары. 

Қазір Сәбит Мұқановтың Балуан Шолақ жайлы повесін қазақша оқып бастады, орыс тілді балаңыз болса оқытатындай, қазақ ауылын империя кезінде жылы орнынан көшіруден басталады" деп жазған Әсем атты желі қолданушы баласының ертеңіне алаңдайтынын жасырмады.

Әсемнің бұл жазбасына қатысты "бәрібір қазақ мектебінде оқыған бала басқаша болады", "орыс мектебінің баласы суық, мейірімсіз болады", "жоқ, орыс мектебінің білімі жақсы", "қазақ мектебінде де білім мықты" дегенге саятын пікірлер жазуда. 

 

Барлық жаңалықтар