Мөлдір Мұқанова өзінің Жанар Байсемізге берген сұхбатында отбасындағы біраз құпияны жария етті, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты ozgeris.info.ға сілтеме жасап.
Ол Тұрсынбек Қабатовпен ажырасқанда енесінің басу айтпағанын алға тартты.
"Анасы келіп басу айтып, араласпады. Өкінішке қарай үлкендер тарапынан тоқтау болмады", - деп қысқа қайырды ол.
Сонымен қатар, тоқал алуына бәрібір рұқсат етпейтінін, дұрысы ажырасып тыну болғанын да жасырмады.
"Бұл ауыр тақырып, көзбояушылық. Өмір бойғы арпалыс, салыстыру. Берекеті етеді. Балаларға да қиын. Ең қиыны сол туыстарыма да айта алмай қалғаным. Өз балаларымнан, бауырларымнан ұялдым. Дастархандас болып жиналғанда түрлі себеп айтып бармай қалған кездерім көп болды. Тыныш қана ажырасып кетсек жақсы ғой. Барлық ел біліп, оны талқылап ажырасқан одан да бетер қиын екен", - деді ол.