Салафиттердің былығын ашқан Рания оларды "майсыз табада қуырып жатыр"

Салафиттердің былығын ашқан Рания оларды "майсыз табада қуырып жатыр"

Көптен бері әлеуметтік желіде мұсылман салафиттерден көрген құқайын айтып, дабыл қағып жүрген Рания Мұхамбетжан бұл ағым өкілдеріне қатысты тағы да сұмдық деректерді айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Рания екі рет салафит жігітке тұрмысқа шығып, екеуінде де талақ алып, айырылысқан шымкенттік қыз. 

Екі некесінде де салафиттер тарапынан өзі көрген құқайларды әлеуметтік желіде айтып, парақшалары бірнеше рет бұғатталды да. Ранияның қазіргі ашқан ТикТоктағы парақшасын түгел қарап шығып, төмендегідей жағдайлардың расымен біздің елде болып жатқанын білдік. 

Соған қарамастан, тағы да жаңа парақша ашқан Рания бұл жолы тіпті сорақы дүниелерді тоқтаусыз айтып, видео жариялауда. 

Салафит мұсылманның шынайы сипаты қандай?

Екінші күйеуі Абзал салафит мұсылман. Раниядан талақпен және ресми айырылысқаннан соң да, әлі күнге дейін қыздың ізін аңдып, мазасын алып жүр екен. Сондағы айтатыны "сен тағы бір салафит еркекпен некеңді қиып, әйелі бол. Сосын ол саған талақ берсін, сосын екеуміз қайта неке қиып, бірге болайық" екен. 

Яғни, салафиттерде талақпен ажырасқан әйеліне қайта үйлену үшін, әлгі әйел екінші бір салафитпен неке қиып, төсектес болып, талақ алса, бұрынғы күйеуімен қайта қосыла алады екен. Бұдан нені аңғардыңыз? Азғындықтан басқа ойыңызға өзгеше теңеу келді ме?

Қош, сонымен Абзал бәрін қойып, бұрынғы әйелі Ранияға салафит еркекті өзі қарастыруды қолға алады. Ал Рания "маған тыныштық бер" десе, оған көнбейді. 

Ашуына тиген Абзалдың әрекетінен кейін Рания көзі көрген салафиттердің сұмдықтарын әшкерелеп, әлеуметтік желіге шыққан. 

"Абзалдың әрекетіне қатысты ҰҚКге, полицияға шағымдандым. Түк шықпады. Құқық қорғау органдарын салафиттер сырт еткізіп өз жағына шығарып ала алады. Полицияға арыздансам, салафиттер ақша беріп, арызды жаптырып тастайды. Абзалмен үш жыл тұрдым. Сол үш жылда ол жүргізуші куәлігінсіз, алаңсыз көлік айдап жүрді. Салафиттер бәрін парамен шешеді. Параны харам деп қойып, өздері қолданады"деген Рания біздің елдегі ықпалды салафиттердің суреттерін жариялады. 

Ранияның айтуынша, ең ықпалды салафит Ділмұрат Әбу Мұхаммад екен. Ал қазіргі кезде еліміздегі  салафиттердің көсемдері Болат, Абдурохман Башпаев, Октам дегендер екен. 

"Қарындасының көзінше жыныстық қатынасқа түсе береді"

"Салафиттер үшін отыз байға тиіп, елу еркекпен жатсаң да, Алланың алдында адал санала береді. Басы бос әйел көре қалса, бірден бай іздеп, тауып береді бір біріне. Әйел жалғыз жүрсе, күнә олар үшін. Бұл аздай, салафиттердің әйелі өз күйеулеріне әйел әперуден жарысады. Кәдімгідей өзі келіп, "менің күйеуіме тоқал бол"деп ұсыныс жасау салафит әйелдерге қалыпты нәрсе. Мысалы, маған да сондай ұсынысты талайы жасаған. Неге олай етеді? Күйеуіне тоқал әперіп, өзі ененің рөлін ойнағысы келеді олар" дейді Рания. 

Ранияның айтуынша, салафиттердің басым көбі сырт көзге тақуа болып көрінудің шебері. Ал шындығында жасап жүрген тірліктерінен адам жиіркенетіндей екен. 

 "Салафиттер өздерін тақуа етіп көрсетуді жақсы көреді. Ал шындығында бәрі жасанды. "Байым ана қатынмен мынанша күн, менімен тек мынанша күн ғана жатты" деп зарлайды да жүреді салафит қатындар. Сонымен қатар салафиттер әйелдерін білімі бар әйелдермен араластырмайды, тыйым салады. Себебі, әйел білімді болып кетсе, ақысын талап етеді деп қорқады. Мұнан да сорақысы, салафиттер зинақорлықпен еркін айналысады. Қатыннан қатынға барып, түрлі инфекция жұқтырып, оны әйеліне жұқтыру жағдайы өте көп кездеседі. Бірінші күйеуім Қанаттан маған жыныс жолымен инфекция жұқтырған. Сосын арсыз әрекеттері де көп. Мысалы, бірінші күйеуім қарындастарының көзінше жыныстық қатынасқа түсе беретін. Бізбен бірге қарындастары бір бөлмелі үйде тұрды. Сонда ағасы да ұялмайтын, ал қарындасы "дауыс шығармай істеңдерші" дейтін. Жас жұбайлар ғой деп қарындасы бөлек кетпеді. Ұят қой деп ағасы қысылмады. Осы ағымның ішінде порно видео көретіндер өте көп. Ал шариғатта ондай нәрсеге тыйым салған. Салафиттердің көбі намаз оқымайды, жай ғана "показуха" жасайды. Қарыз деген ең үлкен күнә деп алып, ал бұл ағымның өкілдері талай кісінің ақшасын алып, қайтармаған жағдай көп. "Бір түндік неке" деген нәрсе салафиттер арасында бар, бұл шындық"дейді Рания бір видеосында

"Күйеуіме тоқал болшы" дейтін әйелдер көп

Қоғамда жиі талқыланатын тоқал тақырыбы салафит мұсылмандар арасында ең маңызды мәселе сыңайлы. Ранияның сөзіне сенсек, бұл ағымның әйелдері өз күйеуіне өзі тоқал алып беруге ұмтылатын көрінеді.

"Айдана деген құрбым күйеуі Нұрболға тоқал болуға ұсыныс жасады. "Нұрбол үшеуіміз керемет жыныстық қатынас жасайық, Нұрбол төсекте басқаша, күшті" деп жарнама жасады. Бірнеше әйел алудағы салафиттердің басты ойы да осы, "групповой" жыныстық қатынас жасау ғой, басқа не? Ал әлгі Айдананың өзі әйелдермен аймаласып, сипаласқанды ұнатады. Менің ұятты жерлеріме қол жүгіртіп, әбден мазамды алған" деген Рания салаиттер ешқашан өз күнәсін, кінәсін мойындамайтынын, қайта өзіңе жала жаба салатынын жасырмады

"Парақшама салафиттер шабуыл жасап, жанталасуда"

Әлеуметтік желіге салафиттер туралы видео сала бастағанында Ранияға арабша аты жазылған инстаграм парақшадан "шейхпін" деп біреу ескерту жасапты. 

Әлгі "шейхке"  Рания "бәрі Алланың қалауымен деуге шеберсіңдер ғой, менің осылай әшкере етуім де Алланың қалауы шығар" деп жауап берген. 

Ранияның бүкіл видеоларын қарап шығып, түйгеніміз, салафит мұсылмандар арасында сиқыр, дуалау, теріс дұға оқу, әйелден әйел қоймай төсектес болу, жала жабу, өтірік сөйлеу, сатқындық, екіжүзділік, арсыз әрекеттердің түр түрі қалыпты жағдайда жасала беретін сияқты. 

"Салафиттер ақшаны қайдан алады? Ол жағын нақты білмеймін, әйтеуір ешбір салафит аш емес. Бәрі ақшалы. Сосын бейшара салафиттер "брат, сестралар" ортақ жинаған киімдерден, тамақтан тегін алады. Бірнеше қатын алып, соларға әркімнен қалған тегін киімдерді кигізіп, салафиттер садақаға жинаған тамақтармен асырайды. Көбінің әйелі соған шүкіршілік етіп, сүмелеңдеп жүр әлі. Ал негізінен салафиттердің жәрдем беру манипуляция. "Саған көмектестім" деп сені борышты сияқты етіп, байлайды. Сосын, күндіз  салафиттен талақ алсаң, кешке есігіңнің алдында салафит еркектер қаптайды. Дәл қазір бүкіл айыптарын әшкерелеп жатқаным үшін салафиттер ышқынып, жанталасып мені блокқа салуға кірісіп жатыр. Себебі біріншіден бүкіл видеоларымның астында "нағыз шындықты айтып отыр, осыны айта алмай жүрміз" деген пікір өте көп жазылуда. Екіншіден, салафиттердің бетпердесі сыпырылып жатыр"дейді Рания. 

  

Барлық жаңалықтар