Адам түсінбейтін жоба мұғалімдерді шаршатуда

0
262

Нысаналы мектеп жобасының түпкі мақсатын қазақшалап,жалпақ тілмен түсіндіріп беретін адам бар ма өзі? 943 мектеп кірген дейді. Бұлар сонда қандай критериймен таңдалған екен?

Нәшәр мектеп болса таңдасын дейік.
Онда с какого перепуга мұғалімдерге модуль деп тест тапсыртып жатыр? Видео көріп,тексті оқып тапсырады екен. Кино көріп ертегі оқитын уақыт па кәзір?

Пән болса бір сәрі ғой. Ыбыжық-жыбыжық бір сұрақтар бар тағы. Методикасы. Ылғи цифрлар мен аббревиатуралардан тұрады. Соны құрастырған адамның өзі білетін шығар? Бізге ол беймәлім.

Әлде тапсырған тест пен аттестациядан алған категорияға сенбей ме? Онда несіне ыңқылдап аттестациядан өтіп жүрміз?

Нысаналы мектеп деген аты қандай? Под прицелом дегендей естіледі екен. Егер жоғарыда айтқандай нәшәр мектептер болса себебін мұғалімнен емес , басқа жақтан іздеу керек шығар.

Мұғалім өз біліктілігін аттестацияда дәлелдеді. Енді не керек?
Әлде мен сатып алдым ба категорияны?
Нысаналы мектептің мұғалімдерінің барлығы сатып алды деп отыр ма?

Сұлтан СҮЛЕЕВ, білікті ұстаз.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.