Әкімнің ұлы қызға қол жұмсап, мұрнын сындырған

0
191

Павлодардағы білім беру мекемелерінің бірінде 6-сынып оқушысы қыздың бетінен ұрып жіберген. Желідегілер баланың аудан әкімдерінің бірінің ұлы екенін жазуда. Ал қалалық мәслихат депутаты жағдайға қатысты екіұшты пікір айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ kerek.pv Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Болған жайттың видеосы kerek.pv Telegram-арнасында жарияланды. Кадрда екі қыздың ұл балаға жақындап келе жатқанын көруге болады. Олардың не туралы сөйлесіп жатқаны естілмейді, бірақ жасөспірім кетіп қалуға тырысқанымен, оқушы қыздардың бірі жолын бөгейді.

Әңгімелесудің соңы баланың қызды бірнеше рет ұрып жіберуімен аяқталады. Видеоның астында қызға қол көтерген бала аудан әкімінің ұлы екені айтылған. Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гүлжайна Даримова жағдайға қатысты пікір білдірген. Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр.

«Павлодар қаласында әкімнің ұлы қызды ұрып, мұрнын сындырды. Бұл үшін ата-анасына тек айыппұл салынды. Жағдайдан кейін қалалық мәслихат депутаты Гүлжайна Даримова жедел түрде видео түсіріп, әкімнің ұлының әрекетін ақтамақ болған. Ол қыздың өзі кінәлі деп отыр», — делінген жарияланған видеоның жазбасында.

«Ол қызды үш рет айналып өтпек болды, бірақ қыз оны өткізбей, тіл тигізе бастады. Мен тіпті кімді жақтарымды білмей отырмын. Менің ойымша, қыз шынымен ұл баланы осыған жеткізді. Мысалы, көбі мас болып келген күйеулерін осыған жеткізеді. Ер адам үйге келгенде әйелі оған әйелдік күш көрсетеді, ал еркек оны алып бар күшімен ұрып жібереді. Осындай әйелдер бар, шынын айтайық», — дейді депутат Гүлжайна Даримова.

Фото ашық дереккөзден алынды.