Ақтаулықтар наразылыққа шығып, жолды жапты

0
70

Ақтау тұрғындары үйлерінде ауызсу болмауына байланысты 19-шағынаудандағы жолды тағы жауып тастады, жергілікті билік оларға жағдайды түсіндіріп, бірінші кезекте олардың талабын орындауға уәде берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтаулықтар жолға шығып, қоршап алған видеоның үзінділері әлеуметтік желілерде тарады.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті бұл деректі растаған. Баспасөз қызметі өкілі тұрғындармен әкімдік қызметкерлері сөйлескенін мәлімдеді.

«Полицейлер жедел әрекет етіп, жолды бірден ашты», — деді ПД өкілі.

Фото ашық дереккөзден алынды.