«Ақжүніс — Сәулеге» қатысты қылмыстық іс қозғала ма?

0
776

«Ақжүніс» басына бәле тілеп алды — «Құланның қасынуына мылтықтың басылуы» дөп келіп тұр. Ол Тасмағамбетовты қолдағаны үшін жазалана ма?

«Ақжүніс» телебағдарламасы арқылы танылған журналист Сәуле Әбілдаханқызы ОДКБ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың даулы мәлімдемесін қолдай отырып, оралман қазақтардың азаматтық құқығын қорлаған пост жариялған.

Оның осы жазбасын негізге алған «Демос» қоғамдық ұйымының төрағасы Тұрарбек Құсайынов кеше Бас прокурорға арызданыпты. С.Әбілдаханқызына қарсы іс қозғау үшін оралман қазақтардың ішінен 1-2 жәбірленуші табылса, онда журналисті қылмыстық жауапкершілікке тарту процесі басталады.

Ондай жәбірленуші көп – соңғы отыз бес жылда шетелден қоныс аударып Қазақстанның азаматтығын алған қазақтар саны 3 млн-ға жуық.

Сәуле Әбділдаханқызы сол оралмандардың бәрін «опасный адам, сатып кету оп-оңай…» деген сипаттама беріп, «мемлекет саясатына араластырмау керек, 3-4 ұрпақ ауысқанда болмаса» деп жазған.

Әрине, билік С.Әбілдаханқызын саяси амбициясы күшейіп жатқан И.Тасмағамбетовты қолдағаны үшін жауапкершілікке тартпайды, ҚК-тің 174-бабы бойынша жазалауға тырысады.

Қысқартып айтсақ, билік үшін «Құланның қасынуына мылтықтың басылуы» дөп келіп тұр.

Осы тұста журналист Сәуле Әбілдаханқызының екі беткей ұстанымын айта кеткен жөн.

Былайғы жұрт «зікіршілер» атайтын сопылық тариқат пірі Исматулла Әбдіғаппар сотталып шыққан соң аудио мәлімдеме жасап, президент Тоқаевтан «медресе-шілхана ашып бер» дікеңдеген.

Соны да журналист С.Әбілдаханқызы қолдаған еді. Президент Тоқаевқа заңсыз талап қойған Исматулла тақсыр да Ауғанстаннан келген оралман ғой.

Оралман болғанда да жай қазақ емес, 90-жылдардың соңында Исматулланы (ол кезде Ауғанстан азаматы) заңсыз миссионерлік жасау фактісі бойынша соттап, депортация жасамақ болғанда ол қашып кеткен.

Солай болса да Исматулла 3-4 жылдан кейін қайта келіп Қазақстан азаматтығын алып алды да, медресе-шілхана жұмысын жандандырды.

Сол медресе-шілханаларды талай адамның құқығы аяқасты етіліп, азапты қорлыққа ұшырады. Исматулла командасының азабына шыдай алмаған бір жігіт өзіне өзі қол салып өліп қала жаздағаны есімізде.

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы халыққа сондай қорлық көрсеткен оралман Исматулланы қолдайды да, миллиондаған момын оралманды конституциялық құқыған – сайлау және сайлану құқығынан айырмақшы. Мұны қалай тәпсірлейміз?!.

Журналист Сәуле Әбілдаханқызының осы қылығы дұрыс па, бұрыс па?

Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист.

Фото интернеттен.