Әлемді өзгертетін жобаға ұсыныс жасалды
Биыл 40-қа толатын мына еврей жігіт — ChatGPT-ді шығарған OpenAI компаниясының басшысы.
Сол Трамптың инаугурациясы болған күні құны 500 млрд доллар болатын Stargate Project деген жаңа жобаның іске қосылғанын жариялады. Негізі, жоба былтыр басталып кетіпті.
Жалпы, 500 млрд доллар әлемде кімде бар? Меніңше, ешкімде. Миллиардерлердің байлығы тек олардың акция, капиталдарының бағаланатын құнымен өлшенеді. Бірақ ешбірінде нақты ондай кэш ақша жоқ деуге болады.
Бұл жігіт қалайша 500 млрд долларды таппақ? Ол жапонның Softbank және Oracle-ды тартып отыр. Екеуінің де басшысы миллиардер. Stargate Project жасанды интеллектті дамытумен айналысады. Жоба АҚШ-та 100 мың жаңа жұмыс орнын ашады. 20 дата центр құрады, әрбірі 46 мың шаршы метр болады.
Егер жоба сәтті болса, жасанды интеллекттің бір ғана функциясы рак ауруын қан анализі арқылы ерте анықтап, 2 күнде персональный вакцина жасауға көмек береді. Яғни, миллиондаған адамға ортақ бір вакцина емес, әр адамға бөлек өз вакцинасы. Оны робот жасауы керек.
Меніңше, келешекте көшедегі камера, бағдаршам, ұшақтың ұшып-қонуы, ауа-райын болжау – бәрін жасанды интеллект басқарып, тиімділік, дәлдік анағұрлым жоғары болады.
Егер мыналар 500 млрд тауып, жобаны іске асырса, Stargate Project әлемді точно өзгертеді. Айтпақшы, жобадан тыс қалған Илон Маск бұлардың мұндай ақшасы жоқ деп күмәнданып отыр. Себебі жасанды интеллект саласында өзі хАІ деген басқа жоба дамытып жатыр.
p.s. айтпақшы жаңа компанияны Softbank басшысы 67 жастағы Масаёси Сон басқарады (суреттегі азиат). 67 жаста немере бағып, демалатын ойы жоқ, қайта әлемдегі ең ірі жобаның біріне жетекшілік етпек.
Нұрмұхамед БАЙҒАРАЕВ, сарапшы.
Facebook жазбасы.
Фото автордың парақшасынан.