«Алла емес, жаратушының аты — «ахурамазда» дейді Найман Меңдібай

0
429

Қазақ қоғамы онсыз да пәлен түрлі діни сенімнің, ақида мен мәзхабтың дұрыс-бұрысын ажырата алмай, өзара қырық пышақ болып қырылып жүргенде, енді тағы бір дін түрі пайда болыпты деп жазады Democrat.kz.

ТикТок әлеуметтік желісінде Найман Меңдібай деген атпен тіркелген азамат қазақ халқына «ахурамазде қолдасын!» деп сәлем жолдап, өз «діні» туралы айтып өтті.

«Парсылар мен бұрынғы қазақтардың зороастризм сеніміне құрылған сенім. Батыс жақтарда әлі күнге дейін мешіттері бар. Отыз күн сирроза, бес уақыт намаз зороастризмде болған. Ахурамазда — жұмақ пен тозақтың иесі, сіздер айтатын сират көпірі — шеврат деп айтылады ахурамазда хидаят берсін сіздерге», -деген азамат «бәрі алланыкі, алланыкі дей бермей, «Авеста» деген кітап оқыңыздар» деп кеңес береді.

Түсінгеніміз, алла емес, жаратушының аты — ахурамазде екен. Яғни, «я алла, тілегімді қабыл ет» деп емес, «ахурамазда, тілегімді орында» деп алақан жаю керек дейді.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 

@user5242258302383

♬ оригинальный звук — найман