Алматыда 19 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қайтыс болды

0
842

Алматыда 19 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қайтыс болды деп мәлімдейді  democrat.kz, Kozachkov телеграм арнасына сілтеме жасап Қайғылы оқиға 27 наурыз таңертең орын алған. Бұл жазатайым оқиға ма, әлде суицид пе – әзірге белгісіз. Дегенмен полицейлер «өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Оқиғаның себептері туралы пікірлер әртүрлі. Тұрғын үй кешенінің көршілері қыз жігітімен ұрысып қалғанын, содан кейін қолында телефоны бар күйі терезеден құлап кеткенін айтады.

Алайда әлеуметтік желідегі таныстары бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Олардың айтуынша, қыз жігітімен емес, құрбыларымен болған және Қадір түнін атап өтуге жиналған.

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.