Әнші Мақпал туралы фильм жақында жарыққа шықпақ

0
22

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова 30 жыл бұрынғы өзіне арналған фильмді көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі ауылына барып, балалық шағының өткен жерімен таныстырды.

“Ты моя мелодия» деген фильм еді. Ішінде Зәкең болғасын еш арна қабылдамады. Архивте шаң басып жатыр. Бұл жерде тіптен саясат жоқ. Енді 11 қаңтар менің туған күнімде YouTube-қа салынады. Бір сағаттық кино. Маған Жанар деген жанкүйерім жіберіпті. Архивтің көкесі осы қызымда”, – деп жазды әнші.

Сондай-ақ өнер иесі отандық арналардың әлі күнге дейін алалайтынын жасырмады.

“Ұлттық арна ғана жаңа жалдық түсірілімге шақырды. Екі ән айттым. Екіншісі Әлішер Кәрімовпен дуэт орындадық. Басқа арналар шақыра қойған жоқ. Етіміз үйреніп кеткен. Ешқандай ренішіміз жоқ. Жастар өсе берсін”, – деп жазды халық әртісі.

Фото интернеттен алынды.