«AntiTrash» науқаны: Жаңа адамдар Астанадағы заңсыз төгілген қоқыстарға қарсы науқан бастады

Жаңа адамдар Астанада заңсыз қоқыс заңсыз төгіліп жатқанын айтып дабыл қақты деп жазады Democrat.kz. қозғалыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа адамдардың «AntiTrash» азаматтық науқанының белсенділері бұл жағдайға жауапты тұлғалар мен қоқыс алаңындағы жұмысшылардан жауап алуға тырысты, алайда жауап орнына балағаттау мен агрессияға тап болды.
Сонымен қатар, бұл жерге басқа құрылыс нысандарынан да қоқыс жеткізілетіні анықталды, бұл заңсыз қалдықтарды төгудің тұтас жүйесі бар екенін дәлелдейді. Бұл жағдай қаншалықты ушығуы мүмкін?
Жаңа адамдар құрылыс алаңдарынан қалдықтар осы заңсыз қоқыс үйіндісіне жеткізілетін Wien Deluxe және BI Group құрылыс компанияларын өз мердігерлерінің қызметін мұқият тексеруге шақырады.
Сондай-ақ, Есіл ауданы әкімінің орынбасары Нүгербеков Мадияр Жұмабайұлына жолдау жасап, бұл іске араласып, шұғыл шара қабылдауын өтінді.
«AntiTrash» азаматтық науқанының белсенділері астаналықтарды шетте қалмауға шақырады: заңбұзушылықтарды анықтап, заңсыз қоқыс тастаудың алдын алып, биліктен нақты шешімдер талап етіңіздер.
Астананың тазалығы – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз!