«Араб тілі — әлемдік тіл» дейді уағызшы Нұрсұлтан (ВИДЕО)

0
169

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видеода танымал уағызшы Нұрсұлтан Рысмағамбетов араб тіліне қатысты пікірін айтты деп жазады Democrat.kz.

Тау бөктерінде бір топ кісімен серуендеп жүрген уағызшыға егде жастағы кісі: «Арабтың адамдарын айта бермей, Шәкәрім, Абай туралы уағыз айтуға болмай ма?» деген сауал қойды.

Неге екені белгісіз, бұл сұраққа қатысты уағызшы Нұрсұлтан «бұл да бір -ауру ғой, сізге бір емделіп алу керек екен, аға» деп барып: «Абайдың да, Шәкәрімнің де сөздері қарап отырсаңыз, сол айналып келгенде — тұнып тұрған ілім ғой»,- деп, «Абайдың өзі айтады ғой, «балаң білімді болсын десең — араб пен парсының тілін үйрет» деп. Қазір енді парсы тілі бітті ғой. Қазір балаға араб тілі мен арабшаны үйрету керек. Әлемдік тіл солар болып тұр ғой», — дейді.

Араб тілі — әлемдік тілге қашан айналды? Сіздің хабарыңыз бар ма?

Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Фото видеодан скринделіп алынды.