Аруақты мазалау — елімізде топалаң орнатуы мүмкін

0
413

Жақында Саты ауылында жұртшылықты шошытқан жағдай орын алды: бір исламист “дінімізге қайшы” деген желеумен ауыл зиратындағы құлпытастарды қиратып, марқұмдардың мәңгілік мекенін астан-кестен етті.

Ол өзінің бұл әрекетін Әли ибн Әбу Талибтен жеткен Мұхаммедтің мына хадисімен ақтап отыр:

“Кез келген мүсінді көрсең, оны қират және биік қабірді көрсең, оны жермен бірдей қыл.”

(Сахих Муслим, №969)

Бұл жағдай менің есіме бірнеше жыл бұрын Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңындағы көне еврей зиратына қарсы бастама көтерген Төреғали Ташенов деген исламист-антисемиттің әрекетін еске түсірді.

Ол еврей зираттарын «ислам шариғатына жат» деген желеумен сол кездегі облыс әкімдері Жансейіт Түймебаев пен Өмірзақ Шүкеевке мәйіттерді басқа жерге көшіруді ұсынып хат жазған еді.

Шынтуайтында бұл ашық түрде ұлтаралық және дінаралық араздықты қоздыру болатын.

Мен сол кезде осыған қарсы шығып, оған жауап ретінде арнайы теологиялық және құқықтық талдау жасап, БАҚ беттерінде мақала жариялағам.

Себебі мұндай әрекеттердің салдары – Таяу Шығыс немесе Ауғанстан сценарийі, яғни елімізде конфессияаралық қақтығыстар мен ұлтаралық алауыздыққа апарады.

Сондықтан біз бүгінгі қоғамда кез келген діни фанатизмге, антисемитизмге және ұлттық араздықты қоздыруға қатаң түрде қарсы тұруымыз керек!

Тұрарбек ҚҰСАЙЫН, қоғам белсендісі.

Фото көрнекілік үшін.