Аузы боқтыққа толы адам киелі сахнада жүр
Алматыдағы Республика сарайының сахнасында Мұрат Әбділдә деген адам ән айтыпты. Өзін сыйлайтын, сахнаның киесін түсінетін біраз өнер иелері қатты ренжіп жатқан көрінеді.
Иә, аузы боқтыққа толы, қоғамға зиян, моральдық деградацияға ұшыраған мұндай адамды осындай үлкен сахнаға шығарып жүрген кім? Тәуелсіздік декларациясы қабылданған, қазақ өнерінің жаршысы болған киелі мекен ол.
Осыдан 5-6 жыл бұрын бір алқаш түсініксіз бір тілде ән салып, бәрі соны талқылап, кейбіреулер оған продюсер боп, сахнаға алып шыққан-ды. Жөмана фат-жөмана фат деп пе, қуатын біреу. Атын есіме түсіре алмадым. Қазір сол қайтадан БОМЖ боп кетіпті.
Сол сияқты кеше түрмеден шығып, атын ақша үшін біреулер пайдаланып жүрген Мұраттың да қайтадан таз қалпына түсетін күнін де көрерміз. Оның орны тик-токта шығар. Бірақ үлкен сахна емес қой енді)
Ришат ӘСКЕРБЕКҰЛЫ, журналист.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.