Балжан Бидаш жеке өмірінен сыр шертті

Танымал әнші Балжан Бидаш жеке өміріне қатысты ойын бөлісті деп хабарлайды Democrat.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Өнер иесі оқырмандарына боянып отырып, әңгіме айтты.
“Кейде ойларым мен сезімдерімнің тереңдігін оқырмандарыма бөліскім келеді. Бірақ өзімді бір шектеу ұстап тұрғандай сезінемін. Шынайы ашылу керек пе, әлде құпияны сақтаған дұрыс па?! Осы сұрақ мені жиі толғандырады. Сіздер қалай ойлайсыздар?”, – деп жазды әнші.
Сондай-ақ тыңдарманның дені ажырасу себебін білгісі келетіндерін жасырмады.
“Көп адам менің ажырасуыма қатысты шындықты білгісі келеді. Ең бірінші, өзіңді жақсы көруің керек. Өз қалауыңды айтып, келісімді түрде шешім болуы керек. Мен конфликтіні ұнатпаймын. Сол үшін де үнсіз шыдадым. Ол дүние менің денсаулығыма әсер етті. Қазір мен шексіз бақыттымын. Ол адамнан кеткеннен кейін бірден шығармашылығымды қолға алдым. Депрессияға түсетін уақыт болмады. Ажырасуға ешкімді үгіттемеймін. Оған өзім де қарсымын. Әр отбасының бақытты болғанын қалаймын. Менің отбасым – ата-анам, бауырларым, жаңа отбасым – болашақта”, – деді өнер иесі.
Еске салайық, әнші бұрынғы жолдасы Жахан Отарғалиевтің үйленуіне қатысты пікір білдірген еді.