Бас мүфти: «Қарызға батып, садақа бермейді»

0
51

Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы оразада берілетін пітір садақаға қатысты пікір білдірді.

«Бір нәрсені түсінуіміз керек. Қарызға батып, садақа бермейді. Шамасы келген адам ғана береді. Осыны жақсылап біліп алайық. Біздің дініміздің кереметтілігі сондай адамдардың жағдайына қарайды. Тіпті, ауызашар бермеген адамға күнә жазылмайды. Ауызашар беру сауапты іс саналады. Берсеңіз сауап, жағдайыңызға қарап бермесеңіз де болады. Ол үшін күнә арқаламайсыз. Қалтаңыз көтермесе пітір садақа да бермеңіз, ауызашарға да шақырмаңыз. Шариғатта оны міндеттемейді», – деді Наурыызбай қажы Тағанұлы.