Баян Мақсатқызы өзінің үлкен өкінішін айтып, жаратқаннан кешірім сұрайтынын мәлімдеді

0
1426

Журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында танымал продюсер Баян Мақсатқызы осы күнге дейін ішкі өкініші мен кімнен кешірім сұрағысы келетінін айтты деп жазады Democrat.kz.

«Менің осылай жұлдызым жарқырап, бағымның жанғаны «Махаббат бекеті» фильмінің арқасында болды. Бәріңіз білесіздер, сол фильм арқылы мен «Баян» болдым.

18 жасымда танымалдықтан, бақыттан басым айналып, жұлдызға айналдым. Бірақ мен сол кезде бір кісіні қатты ренжіттім.

Мені сондай дәрежеге жеткізген адамды ренжіттім. Иә, мен мені жұлдыз еткен режиссер Талғат Теменовті ренжіттім. Оны қатты ренжіткенімді де білемін. Ол кісі «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасын түсіруге ұсыныс жасады. Бүкіл Қазақстанға бір сәтте танымал болған, бақыттан басы айналған мен «мен фильмге түспеймін, түскім келмейді, маған түкке қажеті жоқ енді» дедім.

Менің жұлдызымды жарқыратқан Талғат Теменовтен сол сөздерім үшін кешірім сұрағым келеді. Ол қателігім үшін талай рет іштей кешірім де сұрадым. Алайда жаратушы 18 жастағы Баянның сол кездегі әрекетін кешіре ме, кешірмей ме…» — деген Баян Мақсатқызы өз өкінші мен қатесін ашық айтты.

Фото интернеттен.

@.route0

Кого Баян предала? Прощение и история взлета #подкаст #рек #психолог

♬ оригинальный звук — Route