Баян Мақсатқызы: “Салтанат, бәрімізді кешір”

0
191

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы қоғамда қызу талқыланып жатқан Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдіріп, марқұм Салтанат Нүкенованы айыптамауды өтінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Продюсер зорлық-зомбылық, азаптау мен адам өлтіруді ешқандай себеп ақтап ала алмайтынын ескертті.

“Ең қорқыныштысы және сұмдығы, қоғамда кісі өлтіру дерегіне қарағанда бұрынғы қарым-қатынас әлдеқайда маңызды болып отыр. Қоғамның бір бөлігі Салтанаттың өзін кінәлі деп санайды, қалайша?! Ештеңе де, ешқашан да зорлық-зомбылық, азаптау мен адам өлтіруді ақтай алмайды. Болып жатқан жағдайдың бәріне қарап, жаным ауырады. Салтанат, бәрімізді кешір! Жаның жәннатта болсын!, – деп жазды продюсер.

Фото ашық дереккөзден алынды.