«Баянның алдында бейшара болып қаламыз» дейді журналист

0
44

Баян әпшеме сәлем салып «нахрен нужен»? Бертінде «личный самолет» сатып алды. Мойнындағы «сепішкасында» екі квартираның құны бар. Мықты іскер әйел.

Ал сәлем салып жүрген келіндердің мойнында кредит пен «рассрочка». «Еще» кейбірінің күйеуі «наглый». Қадірін білмейді.

Сәлемін салып, баласын бағып, ата-енесіне қарап, қонақ күтіп, осы әулеттің көңілін тапсам екен деп жүрген келіндердің қолына Баяндікіндей байлық беріп сынап көру керек.

Сәлем салу-өте әдепті, әдемі салт. Құрметтің бұлжымас үлгісі. Бірақ, біздің қоғамда екі түрлі картина бар. Біріншісі, Баянның образындағы контингент. «Личный границам», менің «правам», мейлі шал, мейлі кемпір бол, бәріміз бірдейміз.

Айналайын «енешка, мен саған сәлем салсам, сен де маған сәлем сәл. «Примерно» осындай.

Екіншісі, қазақы тәрбие көрген қыздар. Олардың психологиясы «ұят болады», «ел не дейді» ұғымға негізделген. Баян әпшеміз осы контингентті үнемі сынайды.

Өздеріңді қорғаңдар, бастарыңды көтеріңдер, халат пен тәпішкені шешіңдер деп ақыл айтып келеді. Бір қызығы Баян әпшеміз жеңіске жетіп келе жатыр.

Бұл жолы сәлем салушыларды өз «армиясына» шақырды. Таң атпай жаңалықтан оқып қалдым, уже 180 келін бүгін таңертең сәлем салудан бас тартыпты.

Әйелдің сәлем салуы жабайылық. Мен басымды еркектерге имеймін және ешкім игізе алмайды депті.

Баяғыда ауылда бір ағамыз болушы еді, кесіп алсаң да бетіңе айтайын деп сөйлейтін үнемі.

Сол сияқты, Баян әпшеміз «постоянно» бетімізге айтып тастайды. Тік мінезді адам ғой. Мүмкін ақшаның құдыреті шығар. Әйтеуір осы кісінің алдында өзі айтпақшы, бейшара боп қаламыз…..

Ербол МӘНДІБЕК, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.