Баянның осы тұрысы 109 млн. 550 мың теңге тұрады

0
1803

Танымал актриса, продюсер Баян Алагөзованың бір кешке киетін образының бағасы айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жансая Махабаева есімді блогер отандық продюсердің көйлегінен бастап, аяқкиімінің бағасына дейін жариялады.

“Баян Алагөзованың мына образы қанша теңге тұрады деп ойлайсыз? Үстіне киген көйлегінің өзі – Dior брендінен 3,1 миллион теңге. Ал туфлиі – Jimmy Choo брендінен 450 мың теңге.  Сөмкесі – Dolce&Gabbana 1,5 миллион теңге. Ал енді қыздар, өз-өздеріңізді ұстаңыздар, өйткені қазір шок боласыздар.
Мына алқа – Magic Alhambra топтамасынан 18 караттық ақ алтыннан жасалған, толық гауһар таспен апталған, бағасы – 97 миллион теңге.
Сырғасы –да дәл осы топтамадан, толық гауһар таспен апталған, бағасы – 7,5 миллион теңге. Сонымен, барлығы – 109 миллион 550 мың теңге», – дейді блогер.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлініп жатыр. Бірі қалталы продюсерді қолдаса, енді бірі ысырап, мақтаншақ деп сөгіп жатыр.

“Күйеуінің денсаулыққа зиян суын күнде алып ішеміз, сосын бұлар байып отыр”, “Баян, жарайсыз! Су тасқыны кезінде көп ақша аударды”, “Байлықпен мақтанған дұрыс емес”, “Басымызға келсін, күлейік”, “Баянға бренд не керек, өзі бренд”, – деп жазып жатыр желі қолданушылары.