Бекзат Саттархановтың өліміне қатысты тағы бір сыр

0
457

Бекзат Саттарханов туралы айтсақ, ертегі немесе өтірік сияқты көрінеді. Бірақ болған оқиға: 2000 жылы 31 желтоқсанда жаңа жылды қарсы алуға шамам болмады.

Не ауру екені де белгісіз, сол күні қатты мазам кетті. Ауруханаға барып жаттым. Не дәрілеп салғаны да есімде жоқ. Әйтеуір банкадағы тамшылайтын дәрі қабылдап жатқанмын. Тұра алмаймын. Артынша Бекзаттың қайтыс болғанын естідім.

Дәрігерге өтініш айттым: қазір қалайда тұрып кетуім керек. Не дәрі бар, салыңыз мен кеттім дедім. Жамбасқа бір екі уколды салып алдым да Қызылордадан Түркістан жетіп келдім. Елдің бәрі есеңгіреп қалған. Көшеде кетіп бара жатқан адамдардың көздерінде жас мөлтілдеп тұрды. Қоштастық, жерледік…

Ендігі сұрақ: Бекзат неден қайтыс болды? Әңгіме қайлап тұрды. Әкесі Сейілхан аға, қолдан қайтыс болды деп нақ айтты. Құлаққа қонымды, логикаға сай келетін дәлелдер мен версиясын айтты.

Соңғы айтқаны: Қауіпсіздік саласындағы біреуге бәрін дәлелдеп бердім. Ол уәдесін берді. Ол қызметкер кетерінде уәде беріп тұрып, былай айтыпты: Бұл өлімнің шындығын ашып, алдыңызға келемін. Егер келмесем мені бұл өмірде жоқ деп ойлай беріңіз, депті. Кейіннен сұрадым, ол қызметкер сол күйі ұшты күйлі жоғалып кетті, келмеді, деді.

Кеше сол туралы Сырлыкүл анамыздан қайта қайта сұрағанда, ол тақырыптан қашып тұрғаны анық байқалды. Сұхбаттан байқағаным, анасының мақсаты, Бекзаттың өлімінің ақиқаты емес, Бекзат атындағы спорт сарайдың өзгеруі жайлы, соны шешу керек болды.

Ұсыныс:

  1. Бекзатты жастарға үлгі етіп насихаттау. Жастардың үлгі алатын тұлғасы болуы керек. Идеология саласының басшыларына алтын сырға.
  2. Халық қаһарманы атағын беру. Әбден лайық.
  3. Түркістандағы #Бекзат #Саттарханов атындағы спорт сарайын да ішіндегі спорт мектебін де Бекзат атындағы қалдыру.

Фазылбек ӘБСАТТАРҰЛЫ, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.