Бишімбаевтың соты ашық өте ме?
Әйелі Салтанат Нүкенованың өліміне күдікті деп танылған Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жіберілді. Бұл туралы Democrat.kz ақпараттық порталы Жоғарғы соттың сот кабинетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жоғарғы сот кабинетінде аталмыш оқиғаға байланысты іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатыны туралы жазылған. Сонымен қатар істің басталуы 26 ақпанға белгіленгені көрсетілген. Айыпкерлер ретінде Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың аты-жөндері жазылған. Ал іс бойынша материалдарды жариялауға болмайды екен.