Бизнесмен Әбілғазин мәлімдеме жасады

0
172

Грекиядағы өртке байланысты «кінәлілердің бірі» деп аты аталған бизнесмен Данияр Әбілғазин мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы  Ulysmeida.kz. — ке сілтеме жасап. 

Әбілғазин Грекияның Гидра аралында болған өртке өкініш білдіреді.

– Түсінікті болу үшін айтайын: мен «Персефони I» яхтасын 2024 жылдың 15 маусымы сағат 12.00-ден (түстен кейін) 2024 жылдың 22 маусымы сағат 12.00-ге дейін Грекия аралдарында қонақтарыма круиз ұйымдастыру үшін жалға алдым.

Бастапқыда 22 маусымға жоспарланған уақытта Грекиядан кетер алдында бізбен Грекия билігінің өкілдері сөйлесті. Олар маған немесе менің қонақтарыма осы оқиғаға байланысты ешқандай арыз-шағым келтірген жоқ.

Осылайша біз алдын ала жоспарланған саяхат жоспарын жалғастыра бердік. Кейбір қонақтар 2024 жылдың 21 маусымында таңертең кетіп қалғанын айта кету керек, – дейді ол.

Әбілғазин мәлімдемесінде елге қайтып оралғаннан кейін баспасөзде болған айыптаулар күтпеген жағдай болғанын айтады. Өздеріне қатысты айтылған құқықбұзушылықты үзілді-кесілді жоққа шығарады.

– Мен де, менің қонақтарым да өртке апарып соғуы мүмкін әрекеттерді жасаған жоқпыз. Біз яхтада орнатылған өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтадық.

Мен де, менің қонақтарым да яхта экипажынан немесе басқа үшінші тараптардан өртке әкелуі мүмкін қандай да бір әрекеттерді жасауды сұраған жоқпыз.

Біз әрқашан барлық қажетті қауіпсіздік шараларын ұстанамыз әрі мұндай оқиғаларды болдырмас үшін заңдар мен нормаларды қатаң сақтаймыз.

Біз грек билігімен олар жүргізген тергеу аясында ынтымақтасатын боламыз. Жалғасып жатқан тергеуге байланысты бұдан әрі түсініктеме беру немесе қандай да бір болжам жасау орынсыз болар еді, – дейді ол.

Оқиға қалай болды

Бұған дейін Грекияда туристер қайықты жалға алып, отшашу атып, аралды өртегені жайлы Грекия БАҚ-тары жазған еді. Аралдың оңтүстік-батыс жағалауында жүзіп жүргенін көрші кеменің капитаны көрген. Гидраның «бурлактары» Вулагмендегі жағалау күзетіне осылай куәлік берген.

Сенбі күні таңертең өрт сөндіру бригадасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Бисти аймағындағы өрттің жағдайы жекелеген ошақтарға қарамастан бәсеңдеген.

Төбеден тікұшақ су шашқан. Сенбі күні таңертең Идра мэрі Йоргос Кукудакис «кейбір адамдар отшашуды қарағайлы орманға қарата жауапсыз түрде атады, соған ашуланамыз» деген.

Фото интернеттен алынды.