Бұдан кейін Ресей көршілерінің мазасын қашыруы мүмкін

0
152

Кеше Израиль Сирияның «Тартус» қаласындағы РФ-тің әскери қоймасын бомбалағанда— жарылыстың күшті болғаны соншалықты, сол аймақта 3 балл жер сілкінісі тіркеліпті.

РФ-тің осыған дейін пайдаланып келген үш базасына АҚШ өз әскерін орналастырды.

Израиль өз күшін барынша көрсетіп бақты.

Ердоғанның осы уақытқа дейін Нетаньяху адресіне айтып жүрген сөздері тәмәм.

Еврейлердің оңай жау емес екенін сезді, білді.

Сириядағы 4 әскери базасынан айрылып қалған РФ-ке енді  азаматтық соғыс отына май құйып, байлығын алып отырған Африка құрлығына да жетуі 20 есеге қымбаттады.

Катар мұнайы Сирия, Израиль, Түркия жері арқылы тасымалдана бастаса, РФ мұнайына батыстың тәуелділігі азаяды.

Санкция кесірінен 10 жылда есін жимауы мүмкін РФ-тің енді мұнай-газына сұраныс азайса, олардың ес жиу процесі созылып 30-40 жылға бармақ.

Путин әлемге әлі де держава екенін көрсету үшін маңайындағы мемлекеттердің біріне шабуылдауы бек-мүмкін жоспары — Украина жерінде соғыс тоқтағаннан кейін іске асуы мүмкін.

Біздер, қазақтар, басқа ұлттармен жауласқанды қоюымыз керек.

«Ұлттардың бастары бірігіп—бір халық болып билікке қарсы шықпасын» деп төбелестірген Назарбаев саясаты еді.

Шынын айту керек, ел ішінде өмір сүріп жатқан бірде бір басқа ұлт қазақты жақсы көрмейді.

«Оларды қуу керек..», «пәлен—түген» деген сөздер заңға қайшы. Өйткені, олар да біз сияқты Қазақ Елі азаматтары болғасын, құқығымыз бірдей—отанынан ешқайда қуа алмайсың.

Қайта, біртұтас ел болсақ, жағдайымыз жақсарады. Билік аяғын тартады, талапты орындайды.

«Бөліп алда —билей бер» тәмсілі «өтпейтін» болады. Сыртта Ресеймен айқасып, іште— соларға болысып жатқан коллаборация мен алысып жатқан украиндықтар жағдайы бізге 100 % сабақ болуы тиіс!

Төртуыл ШОҚАН, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.