«Бұрын-соңды болмаған»: Қайрат Нұртастың анасы тағы мақтанды

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы, танымал әнші Қайрат Нұртастың жанкүйерлеріне сыйлық жасағанына қатысты пікір білдірді.
Белгілі болғандай, Қайрат Ақтөбеде өткен концертінде бір жанкүйеріне өз костюмін сыйға тартқан. Бұл жомарт қадамға байланысты анасы Гүлзира Айдарбекова өз әсерімен бөлісті.
«Барша аналарды үміт арқан ұл-қыздары бақытқа жеткізсін! Жанкүйерлерге костюмдер де, көзілдіріктер де кетіп жатыр. Мен болсам, тіктіріп үлгермей жатырмын. Алдағы концерттерге де біраз киім тіктіру керек болып тұр. Бірақ тігіншіміз ауырып қалды. Көз тиген сияқты. Ең бастысы, сыйлық бұйырған жандарға жұғысты болсын», – деп жазды продюсер.
Сонымен қатар, арт-директор тыңдармандарын тағы бір жаңа жаңалықпен қуантты.
«Бұрын-соңды бізде болмаған, алғашқы продукцияны өз брендіммен бастауға шешім қабылдадым», – деп мәлімдеді Гүлзира Айдарбекова.