Дәулет Мұқаев бір күнде 50 баланың тұсауын кесті, арасында мәжілісменді күтіп тіпті жүріп кеткен де балалар бар

ҚР халық қалаулысы, мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев бір күнде бірнеше тұсаукесерге қатысты.
Мәжілісменді күтіп тіпті жүріп кеткен де балалар бар екен.
Бүгінгі тұсаукесерден естелік. Мені күте-күте 6 жасқа толған балалар бар. 50 баланың тұсауын кесіп, жиыны 3600-ге жетті. Бұл – рекорд!
Барлық балаға ақ жол тілеймін. Менің тек жақсы қасиеттерім жұғысты болсын”, – деп жазды депутат.
Еске салайық, қазақстандықтар іс жүзінде қолдамайтын дәстүрлі отбасылық көзқарастар мен әдет-ғұрыптар анықталғанын жазған едік.
Қазақстандық әлеуметтік даму институты (ҚИОР) жүргізген социологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша, бұрын өзгермейтін ақиқат деп саналған ережелерді сақтау қазір барлық отбасы үшін маңызды емес. Еліміздің басқа аймақтарында да сондай нәтиже көрсеткен.
Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 55,3 пайызы ғана ұлттық салт-дәстүрді сақтау отбасын берекелі етеді деп есептейді. Ал үштен бір бөлігі мұны жақсы бірақ аса маңызды емес деп таныса, 11,4%-ы дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар отбасының әл-ауқаты үшін қатты маңызды емес деп санайды.