Депутат «пилоттық жобалар мұғалімдерді де мезі етті» деді

0
875

Депутат Нұрлан Әуесбаев Оқу ағарту министріне осыған дейін басқа әріптестері айтпаған, айта алмаған сөзді айтты деп жазады Democrat.kz.

Депутат мектеп бағадарламасындағы түрлі пилоттық жобалардың білім сапасына теріс әсер ететінін айтып: «Шетелдің түрлі бағдарламасын біздің білім саласына енгізу ұрпағымыздың болашағына, тәрбиесіне кері әсер етпей ме? Мұндай жобалар мұғалімдерді де мезі ете бастаған. Бізде пилоттық жоба өте көп. Пилоттық жобалар оқушының білімін тежеп тастамауына кім кепіл? Сол себепті түрлі пилоттық жобаларға қатысты тиісті шешім қабылдауды және бюджет қаражатын күмәнді жобаларға жұмсамауға шақырамын», — деді депутат Нұрлан Әуесбаев.

Фото интернеттен.

@mumkin_emes

#мұғалім #ұстаз #мектеп

♬ оригинальный звук — Не может быть / Мүмкін емес