Депутаттың анасы дүниеден өтті

0
388

Мәжіліс депутаты, экономист, блогер Дәулет Мұқаевтың анасы өмірден өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қайғылы хабарды Мұқаевтың отбасылық досы, кәсіпкер Қайша Керей өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.

Оның айтуынша, Дәулет Мұқаевтың анасы 2,5 айдай жан сақтау бөлімінде жатқан.

«Құрметті оқырмандарым, Даулет досымыздың анасы Күлпаш анамыздан мезгілсіз айырылып қалдық. Осы постты жазып отырғаныма сене алар емеспін. Ол кісі тек Даулеттің ғана емес, бәріміздің мамамыз еді», — деп жазды ол.