Димаш Құдайберген биыл үйленгелі жатыр ма?

0
87

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Светлана Айтбаева журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында баласы, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Сөз арасында Динара Сәтжан Светлана Айтбаеваға «менің естуімше, жақында үйлеріңізде той болғалы жатыр екен» деген сұрақ қойды. Бұған нақты жауап бермеген Светлана Айтбаева той болса, тек қуанамын дейді.

«Айтқаның келсін Динара! Бұйырса. Біздің балаларымыз өсті. Димаш та біраз жасқа келді, оң-солын таныды. Раушан да бойжетіп, биыл диплом алады. Мансұр да 18-ден асты», — дейді Светлана Айтбаева.

«Биыл той болады ғой?» деді сөз соңында сұрақты нақтылаған Динара Сәтжан.

«Биыл болса, биыл болсын. Айтқаның келсін!», — деді әзілге айналдырған Светлана Айтбаева.