«Допингті бізге өздері ішкізді» дейді танымал спортшы

0
933

Танымал спортшы, штангист Алмас Өтешов өз сұхбатында допинг туралы бар шындықты жайып салды деп хабарлайды Democrat.kz.

Спортшы спорт саласындағы былықтарға тоқталып:»Біз допингті өзіміз ішпедік. Бізге дәрігерлер ішкізді ғой. Алексей Ни деген оңбаған қазір қайда? Бәріне сол жауапты емес пе?»деп, мұнан бөлек, үкіметтің сыйға берген үйіне қатысты:»Біз үкіметке қызмет еткеніміз үшін, үкімет сол үйді бізге берді емес пе? Неге алып қояды?»-деп ренішін білдірді.

«Алексей Ни спортты таза бизнеске айналдырды. Подобедова сияқтыларды әкеліп, бізді ығыстырды. Бізге сонау 2006 жылы Алексей мақтанатын. 30 миллион долларым бар деп»,-деген штангист қазір сол Алексейдің қайда екенін сұрады.

Фото видеодан скринделді.