“Енді әлемді әйелдер басқарады” дейді зерттеушілер

0
242

Колумнист Пол Фаррелл Marketwatch басылымына әйелдердің әлемдік деңгейдегі рөлі туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz. Ақпараттық порталы.

“Еркектер өздерінің қолындағы билікті жоғалтады” деген феминист Дженнифер Хомэнстің  New York Times-тегі мақаласына орай Пол Фаррелл де осындай ұстанымда екенін айтады. “Екі жүз жылдық заман бітуде.

Өкінішке қарай, ендігі жерде еркек емес, әйелдердің қарым-қабілеті алдыңғы орынға шықты. Сондықтан да алдағы уақытта көшбасшылыққа әйелдер келеді” дейді колумнист.

Осыған дейін отбасы ошақ қасынан шықпай, бала бағып, кір жуған әйелдер қазір түрлі биліктерге қол жеткізгені мәлім. Сонымен қатар тау қопарып, тас қашаған әйелдер мен трактор жүргізіп, жер жырта алатын келіншектер де қоғамда аз емес.

Мұнан бөлек, әйелдер жаңа технологияның тілін де жетік меңгеріп, түрлі ІТ саласында да алдыңғы орынға шығып жатқаны жасырын емес.

Естеріңізде болса, түсік жасатуға тыйым салу заңына да әйелдер өре түрегеліп, қарсы шыққан еді. Түсік жасатуға тыйым салу негізінен еркектер тарапынан жасалған әрекет екені әшкереленген-ді. Себебі бала туып, үйде отыратын әйелден еркекке аса қауіп жоқ.

Ал мәселенің негізгі тарапына келер болсақ, әйелдер экономика саласына кіріп, ол жердегі үлкен негізгі шаруаларды қолына алды. Колумнистің бұл пікірі шындыққа жанаспайды дей алмаймыз.

Соңғы жылдары көшбасшы әйелдер легі расымен көбеюде. Сол себепті болса керек, діни наным-сенімді уағыздау істері де үлкен қарқынмен жүре бастады. Неге? Себебі дінмен әйелді уыста қысып ұстауға әбден болады деп ойлайды.

Алайда алдына үлкен мақсат қойған әйелді тоқтату мүмкін бе? Бәлкім, ұрып-соғып, күш жұмсап тоқтатамыз деп ойларсыз. Алайда ұрған еркекті жалпасынан құлататын қара күшке ие әйел де жер бетінде миллиондап саналады.

Фото ашық дереккөзден алынды.